ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР


1. Ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы тиіс пе немесе тек өтініш беруші ме?

Тек өтініш берушіге.


2. Декреттік демалыста жүрген үміткерлер қатыса ала ма?

Иә, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен соңғы 6 айда 40 АЕК-тен астам табыс болған жағдайда, жұбайының табысы есепке алынбайды.


3. Жұмысқа орналасу ресми болуы керек пе?

Бағдарламаға ресми түрде жұмысқа орналасқан жастар немесе жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жастар қатыса алады.


4. Жоғары немесе орта арнаулы білімнің болуы міндетті ме?

Жоқ, 11 жылдық мектеп аттестатымен де болады.


5. Айына 116 680 теңге (40 АЕК) табыс қолына болуы керек пе немесе жалақы ма?

Жалақы. Мысалы, егер Сізде жалақы 117 000 теңге болса, ал қолыңызға 90 000 теңге алсаңыз, онда Сіз өтесіз.


6. Зейнетақы аударымдары міндетті ме?

Иә. ІІМ қызметкерлері мен әскери қызметшілерден басқа, бірақ олар қатысу үшін тұрғын үй төлемдерін алмайтындығы туралы анықтаманы қоса тіркеулері тиіс.


7. 116 680 ерлі-зайыптылардың екеуінің де жиынтық табысынан шығуы мүмкін бе?

Жоқ. Құжаттарды беретін үміткерде ай сайынғы табыс кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы тиіс.


8. Ерлі-зайыптылар қатысуға құжаттарын жеке-жеке тапсыра ала ма?

Иә. Сондай-ақ, қатысушыларды бір отбасынан іріктеу кезінде екі үміткерге тұрғын үй берілмейтіндігін ескеру қажет.


9. АӘК, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және т.б. табысы үшін есептеле ме?

Мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ өтініш берушінің табысы болып табылады және төлем қабілеттілігін бағалау кезінде ескерілуі мүмкін.


10. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алғаннан кейін ҚТҚЖБ арқылы «Нұрлы жер», «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты басқа да бағдарламаларға қатыса аламын ба?

Сіз тұрғын үй несиелік бағдарламаларына қатыса аласыз, бірақ жалға берілетін тұрғын үйде тұру кезінде меншік құқығында тұрғын үй сатып алған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді жалдау шарты бұзылады.


11. Егер мен әскери қызметші ретінде тұрғын үй төлемдерін алатын болсам, қатыса аламын ба?

Жоқ


12. Жылжымайтын мүлік сатылғаннан бері өтуі тиіс 5 жыл ма немесе 2 жыл ма?

2 жыл.


13. 2 жылдық тұрақты тіркеу тек өтініш берушіде болуы керек пе немесе отбасы мүшелерінің барлығында ма?

Тек өтініш берушіде.


14. Егер үміткер барлық талаптар бойынша сай келсе, бірақ ресми түрде басқа қалада жұмыс істеген жағдайда, ол құжаттарды тапсыра алады ма? (Мысалы, басқа қалада вахталық әдіспен жұмыс істеу)

Иә, мүмкін. Егер Нұр-Сұлтан қаласында кемінде 2 жыл тұрақты тіркелуі бар болса.


15. Мүліктің жоқтығы туралы анықтама Нұр-Сұлтан қаласы бойынша немесе ҚР бойынша болуы тиіс пе?

ҚР бойынша


16. Егер өтінім беруші өтінімді 28 жасында тапсырса, ал 2 күннен кейін ол 29 жасқа толатын болса, оның өтініші қарастырылады ма? Үміткердің жасы 29 жасқа дейін қоса алғанда ма?

Құжаттарды тапсыру сәтінде және конкурстық рәсімнен өту соңына дейін өтініш берушіге 29 жас болмауы тиіс.


17. Егер мен тұрмысқа шықпаған болсам (үйленбеген болсам) және балаларым болмаса, қатыса аламын ба?

Иә, қатыса аласыз.


18. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу міндетті ме?

Жоқ, барлық ресми жұмысқа орналасқан тұлғалар қатыса алады.


19. Депозит тек ҚТҚЖБ-де болуы керек пе немесе кез келген банкте болады ма?

Кез келген екінші деңгейлі банкте.


20. Депозиттің болуы міндетті ме, әлде карточкалық шоттың болуы туралы қоса беруге болады ма, мысалы, "Каспий алтын"?

Иә, депозиттік шот қажет емес, сіз кез-келген шотты қоса аласыз.


21. Мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрмын, егер осы бағдарлама бойынша өтіп және уақытша пәтер алсам, мені кезектен шығарып тастайды ма?

Иә, тұрғын үй кезегінен шығарады.


22. Қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес өтініш беруші банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ұсынуы тиіс. Банктегі шот қандай болуы керек? (ағымдағы, есептік, кредиттік, депозиттік, қысқа мерзімді, валюталық, карточкалық, банкаралық, арнайы)

Аталған шоттардың кез келгені, бірақ балдар тек депозиттік шот бойынша есептелетін болады.


23. Қандай нақты құжаттар әртүрлі салалардағы жеке жетістіктер болып саналады? (грамота, сертификат, алғыс хат, медаль, кубок)

Бұл бағдарлама «Жұмыс істейтін жастар» арналған болғандықтан өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар бойынша кәсіби саладағы жетістіктерді ескеру қажет.Мысалы, жұмыс берушіден грамоталар, марапаттар мен алғыс хаттар.


24. Түрлі салалар деген нені білдіреді? Мысалы, егер өтініш беруші ветеринар болып жұмыс істесе және оның кондитерлік өнімдерді дайындау бойынша жеңіп шыққан конкурс туралы грамотасы бар болса, бұл әр түрлі салаларда жетістік деп санала ма немесе өз мамандығы шеңберінде ғана болуы тиіс пе?

Өтініш берушінің мамандығы шеңберінде алғыс хаттар немесе грамоталар түріндегі жетістіктерді ескеру қажет. Егер грамотаны алу кезінде үміткер кондитер болып жұмыс істесе, онда баллды есептеу қажет


25. Мысалы, егер өтініш берушіде бір жыл ішінде 3-4 грамота бар болса, 2 балдан есептелінеді ме немесе шектеулер бар ма?

Жоқ. Грамоталардың санына қарамастан 2 балл есептеледі.


26. Егер өтініш беруші қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші болып табылмаса, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы еңбек өтілі есепке алынады ма?

Иә, есепке алынады. Сонымен қатар, конкурсқа қатысу кезінде өтініш беруші Қағидаларда көрсетілген талаптарға сай келуі қажет.


27. Өтініш берушінің жоғары білім беру мамандығы бойынша «Қолданбалы геология», оның мамандығы 100 сұранысқа ие мамандық тізіміне кіреді, бірақ бұл мамандық бойынша еңбек қызметін жүзеге асырмайтын болса, оған 10 балл есептелді ме?

Жоқ. Өтініш берушіге қажетті 100 мамандық тізіміне кіретін мамандықтың кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде балл беріледі.


28. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер қайда орналасқан?

Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру кезінде пәтерлердің орналасқан жері туралы қосымша хабарланатын болады.


29. Сіздер несие тарихына қарайсыз ба, менде несие бойынша кешіктірулер бар ма?

Жоқ, несие тарихын қарастырмаймыз.


30. Жазда еңбек демалысында болдым, содан бір айда табыс 40 АЕК-тен аз, не істеу керек?

Сіздің табысыңыз азайтылған айға себебін көрсету бойынша еңбек демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы бұйрықты қосымша тіркеу қажет


31. Егер мен осы бағдарлама бойынша пәтер алсам, оны жалға алушыларға жалға бере аламын ба?

Жоқ. Осы бағдарлама бойынша пәтер берген кезде, біз Сізбен жалдау шартын жасасамыз, онда келісім-шарт бұзылатын жағдайда көрсетіледі:
1. Тұрғын үйді жалдау шартында көрсетілмеген адамдардың тұруы, пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беру;
2. Дәлелді себепсіз 6 айдан артық жалдау ақысын төлемеу;
3. Меншік құқығымен мүлікті сатып алу;


32. Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты мекенжай тіркеуі үзіліссіз болуы тиіс пе? Мекен-жай тіркелімін қала ішіндегі өзгертсе?

10 күнтізбелік күн ішінде мекенжайлар арасындағы үзіліспен Нұр-Сұлтан қаласының ішіндегі мекенжайды ауыстыруға жол беріледі.


33. Тұрақты тіркеу соңғы 2 жылда міндетті түрде болуы керек пе? Егер менде тұрақты тіркеу 2 жыл болса, 2015 жылдан 2016 жылға дейін 1 жыл және 2020 жылдан 2021 жылға дейін 1 жыл болса, мен қатыса аламын ба?

Тұрақты тіркелу міндетті түрде соңғы 2 жылда, яғни 2019-2021 жылдар аралығында болуы тиіс.


34. Егер Мен "Elorda zhastary" бағдарламасына қатысуға өтінім берсем, жауабы әлі белгісіз, сондықтан "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтінімді қатарлас беруге болады ма?

Иә, алайда, екі бағдарламадан да өткен жағдайда, Сізге бағдарламалардың біреуі бойынша ғана тұрғын үйді таңдау қажет болады.


35. Өтініш бергеннен кейін қанша күн күту керек және нәтижені қайдан білемін?

Өтінім берген кезде Сіз көрсеткен телефон нөміріне сіздің өтініміңіз қаралу шамасына қарай мәртебесі бар смс-хабарлама жіберілетін болады.


36. Құжаттар тізбесі бойынша анықтамаларды мен қазірден бастап алдын ала жинай аламын ба?

Сіз қосып отырған анықтамалар өтінім берілген сәтке дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей алынуы тиіс екенін ескеру қажет.