Қажетті құжаттар тізімі

1. Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;

2. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;

3. Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);

4. Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

5. Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

6. Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);

7. Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);

8. Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

9. Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан Сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;

10. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы қажет);

11. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (карточкалық шот, ағымдағы, жинақ, дебеттік шот және т. б. – бар шоттардың бірі);

12. Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;

13. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;

14. Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;

15. Eгерде соңғы алты айда демалыста немесе ауырған болсаңыз, сізге қосымша демалысқа шығу туралы бұйрықты немесе еңбекке жарамсыздық парақ құжатын