Бұл бағдарлама не ұсынады?

Тұрғын үй түрі:сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 - 15 000 теңге;



Қатысушыларды іріктеу қалай жүргізіледі?

Не үшін ұпайлар есептеледі Негізгі ұпайлар Қосымша ұпайлар
Егер cіздің кәсіпіңіз «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен қажетті 100 мамандық тізіміне кіретін болса 10 балл -
Отбасы болған жағдайда 5 балл тіркелген некеде әр жыл үшін - 2 балл
1 (бір) бала болған жағдайда 1 балл әрбір кейінгі бала үшін - 2 балл
Жеке кәсіпкерлік қызметті кемінде бір жыл жүзеге асырған кезде 5 балл әрбір жыл үшін - 1 балл
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс үшін 5 балл жұмыс өтілінің әр жылы үшін-1 балл
Депозиттегі жинақтардың әрбір жылы үшін 2 балл -
Әр түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда 2 балл -



Егер ұпайлар бірдей болған жағдайда, өтініш берген азаматтардың арасында уақыт бойынша ертерек тапсырғандары өтеді.